Мексикадағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 72 адамға жетті

Мексикадағы толассыз жаңбыр мен су тасқыны салдарынан 72 адам қаза тапты, тағы 48 тұрғын хабар-ошарсыз кеткен. Бұл туралы елдің апат салдарын бақылау жөніндегі үкіметтік порталы мәлім етті.

Michelle Freyria / Reuters

Алматы, NEGE. Зардап шеккендердің көбі Веракрус штатында тіркелген – мұнда 32 адам көз жұмған. Идальгода 21, Пуэблада 18 және Керетарода бір адам қайтыс болғаны нақтыланды.

Елдің оңтүстік және орталық өңірлері табиғи апаттан ең көп зардап шекті. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, жүздеген адам эвакуациялық орталықтарға орналастырылды.

Федералды билік су басқан аймақтарда инфрақұрылымды қалпына келтіру, жолдарды тазарту және зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды