Мексикада коронавирус індеті өршіді

Мексикада коронавирус індетінің таралуы қарқын алып барады, хабарлайды «Хабар 24».

Алматы, NEGE.  Елдің Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бір күннің ішінде 5 мыңға жуық адам қауіпті кеселге шылдыққан. Тағы 342 науқас инфекциядан көз жұмды. Осылайша, COVID-19-ға шалдыққан адамдардың жалпы саны 400 мыңға жуықтады. Олардың 44 мыңы көз жұмды. Бұл – Джонс Хопкинс университетінің мәліметі.

Мексика коронавирус құрбандарының саны бойынша әлем бойынша төртінші орында тұрса да, елдегі кейбір шектеу шаралары жеңілдетіле бастаған.