Мексикада дүние есігін енді ашқан үшемнен COVID-19 анықталды

Мексикада дүниеге келген үшемнен коронавирус табылды. Бұл туралы Sol de México газеті хабарлады. Сан-Луис-Потоси штатында 17 маусым күні үшем (екі ұл мен қыз) дүниеге келді.

Алматы, NEGE. Ережеге сәйкес жаңа туған нәрестелерден COVID-19 сынамасы алынды. Нәтижесінде үш баланың да коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Елдегі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мигель Анхельдің айтуынша, бұл – әлемде бұрын-соңды болмаған жағдай. Ал балалардың ата-анасында коронавирустық инфекцияның белгілері болмаған. Қазіргі уақытта екі баланың жағдайы тұрақты, оларда COVID-19 белгілері жоқ. Бір нәрестеде індеттің белгілері байқалады. Ата-анасы мен балалармен байланыста болған медициналық қызметкерлер оқшауланып, COVID-19-ды анықтауға арналған тест тапсырды.

Қазір оқып жатыр

Хоккейшілерден ақша жинаған: «Құлагер» клубының бұрынғы басшысына үкім шықты

«Наурыз» ипотекалық бағдарламасына қатысушылардың тізімі жарияланды

Астанада күзге дейін бірнеше көшеде қозғалыс шектеледі

МӘМС қаржысын жымқыру бойынша 14 сотқа дейінгі тергеу басталған