Мексика президентін мас ер адам көшеде құшақтап сүймек болды 

Көшеде тұрғындармен сөйлесіп тұрған Мексика президенті Клаудия Шейнбаумды белгісіз ер адам құшақтап, сүймек болды. 

видеодан скрин

Астана, NEGE. The Guardian басылымының хабарлауынша, Мексика қаласында серуендеп жүрген президент Клаудия Шейнбаумға мас күйіндегі ер адам жақындап, оны құшақтап, мойнынан сүймек болған. Президент оның қолын итеріп жіберді, артынша бір шенеунік дереу ажыратқан.

Ер адамды шетке итеріп жатқанда, Шейнбаумның сәл қысылып, жымиып «Уайымдамаңыздар» дегені естіледі.

Штаттық полиция ер адамның ұсталғанын, ал Шейнбаум оған шағым түсіретінін айтқан.

«Әйел ретінде менің өзім мұндай жағдайға тап болдым, бірақ бұл – еліміздегі барлық әйелдерге қатысты мәселе. Егер  президентке осындай әрекет жасай алса, елдегі басқа әйелдердің жағдайы не болады? Мен шағым түсірмесем, онда мексикалық басқа әйелдерде не үміт қалады?» – деді ол баспасөз мәслихатында.

Бұл оқиға президенттің қауіпсіздігі мен елдегі әйелдердің қысымға ұшырауына қатысты алаңдаушылық туғызды. Сарапшылардың пікірінше, осы оқиға арқылы Мексикада ешбір әйел жыныстық бопсалаудан қорғалмағанын көруге болады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр