Меккеде қажылық басталды

Қасиетті Мекке қаласында мұсылмандардың 5 парызының бірі –  қажылық басталды.

Алматы, NEGE. Соңғы 2 жылда коронавирус індетіне байланысты қажылыққа бару шектелген еді. Өткен жылдары шетелден бірнеше мың адам ғана барған болатын. Биыл мұсылмандық парызын шамамен 1 миллион адам орындамақ. Осыған байланысты Сауд Арабиясында қауіпсіздік шаралары барынша күшейтілген. Індетке дейін Мекке мен Мәдинада 2 млн 600 мың азамат қажылық міндетін өтеген еді.