Меккеде аптап ыстықтан қаза тапқан қажылардың саны 1000-нан асты

Меккеде қажылық кезінде аптап ыстықтан қаза тапқан қажылардың саны 1000-нан асқан. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қайтыс болғандардың жартысынан көбі тіркелмеген қажылар. Сауд Арабия дипломатының айтуынша, қаза тапқандардың 658-ге жуығы Мысырдан келген қажылар. Солардың ішінде 630-ы қажылық парызын өз бетінше өтеп жүргендер.

Дерекке сүйенсек, Үндістаннан келген қажылардың ішінде 90 адам қаза тапқан. Қайтыс болғандар арасында Иордания, Индонезия, Иран, Сенегал және Тунис азаматтары да бар.

Мыңдаған адам аптап ыстықтан зардап шегіп, ауруханаларда жатыр.

Қазір оқып жатыр

Чернобыль ликвидаторларының жәрдемақысы өспейді: Министр кесіп жауап берді

Алматы жұрты Мұхтар Шахановпен қоштасты

Ең төменгі жалақы 150 мың теңгеге қашан жететіні беймәлім

Жағалаудағы құрылыс кезінде 170 млн теңге жымқырған: Көкшетауда шенеунік сотталды