Мейрамханалар мен дүкендерге қойылған шектеулер жойылды

Мысыр билігі коронавирусқа қарсы күрес аясында мамырдың басында енгізілген шектеулерді алып тастап, мейрамхана, дәмхана, сауда орталықтары мен дүкендерге әдеттегі жазғы жұмыс кестесіне оралуға рұқсат берді, - деп хабарлайды РИА Новости басылымы.

Алматы, NEGE. Шешім Коронавируспен күрес жөніндегі жоғары комиссияның 30 мамырдағы отырысының қорытындысы бойынша қабылданды. Бұл туралы премьер-министрдің кеңсесінен Мұстафа Мадбули мәлімдеді.

1 маусымнан бастап дүкендер сағат 07.00-ден 23.00-ге дейін, дәмханалар таңғы 05.00-ден түнгі 01.00-ге дейін жұмыс істейді.

Бұған дейін комиссия 6 мамырдан бастап дүкендерді, мейрамханаларды, дәмханалар мен кинотеатрларды қысқартылған жұмыс кестесіне - сағат 21.00-ге ауыстырған болатын.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті

Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген: Шымкентте балаларына қорлық көрсеткен ана сотқа тартылды

Қытайда екі экс-қорғаныс министрі өлім жазасына кесілді

Үкімет курьерлер мен таксишілерге төленетін әлеуметтік төлемдер мәселесін шешу жолын іздестіруде