Мейрамхана мен дәмханаларды ашу өзекті ме?

Жазда мейрамханалардың ашулы мәселесі әзірге өзекті емес. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен елдегі коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай, сонымен қатар Қазақстандағы вакциналардың сапасы мен сатып алулары туралы брифингте айтылды.

Алматы, NEGE. «Әзірге жазда мейрамханалардың ашылу-ашылмау мәселесі өте өзекті емес. Қазіргі уақытта эпидемиологиялық жағдайға қарау керек. Жақын арада мейрамхана мен дәмханаларды ашу ұсынылмайды», - дейді ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев.

Еске сала кетсек, бұған дейін еліміздегі өңірлерге жол қашан ашылатыны туралы жазған болатынбыз. Комитет төрағасының айтуынша, барлық бағытқа жолдың ашылуы карантин талабын қалай сақтағанымызға және оның нәтижесі қалай болатындығына байланысты.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бір аптадан бері танымал әншінің ұлы іздестіріліп жатыр

Алматыда заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан ұсталды

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды