Мейрамбек палатаға шықты
Әнші Мейрамбек Беспаевтың коронавирус жұқтырып, Алматыдағы №7 аурухананың жан сақтау бөліміне түскенін кеше алғашқы болып хабарлағанбыз. Әнші тәуір болып, палатаға ауыстырылыпты.
Алматы, NEGE. «МузАРТ» тобының әншісі, Мейрамбектің әріптесі Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды: «Қайбір жылы Мейрамбек ауырғанда жалғыз ұлымның тілеуін тілемесем де, Мейрамбектік тілеуін тіледім», деп еді бір анамыз. ҚАЗАҚтың бағына туған баласы Мейрамбек бірнеше күн бұрын короновирустың жеңіл түрімен ауырып бастап еді, кеше кешкісін қысымы қатты көтеріліп, жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты. АЛЛАға шүкір, бүгін жеке палатаға шықты. Жағдайы қалыпты. Мұсылманның қаруы – дұға. Әбіләшімұлы Мейрамбек үшін дұға тілеп қойыңыздаршы. ҚАЗАҚтың Мейрамбегі, әулетінің тірегі, «МузАРТтың» жүрегі жүзге жетсін».