Шұғыл! Мейрамбек Беспаев ауруханаға түсіп қалды

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, әнші Мейрамбек Беспаев коронавирус жұқтырып, ауруханаға түсіп қалды.

Алматы, NEGE. Nege.kz порталы дереккөзінің мәліметінше, М.Беспаев Алматыдағы ауруханалардың бірінің жансақтау бөліміне кеше күндіз түскен. ПЦР тест нәтижесі оның коронавирус жұқтырып алғанын көрсетіпті.

Дереккөздің айтуына қарағанда, қазір әншінің жағдайы бірқалыпты. Қажетті емін алып жатыр.

Nege.kz порталының редакциясы халықтың сүйікті әншісі Мейрамбек Беспаевтың тезірек сауығып кетуін тілейді.   

Қазір оқып жатыр

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған

Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу институтынан 921 млн теңге өндірілді