Мейіржан Әуелханұлы: Салафиттердің картасына ай сайын 400-500 мың теңге түсіп тұрады

Жұрт арасында «салафиттер қатарына адам тарту үшін ақша беріп қызықтырады» деген әңгімелер жиі айтылады. Ақша болғанда аз қаржы емес.

Алматы, NEGE. Кейбір дереккөздерінің айтуынша, бұл ағым өкілдері әсіресе, қолынан іс келетін, жұртқа сөзі өтетіндерге келгенде тіптен аянып қалмайды. «Басына баспана сыйлап, астына көлік мінгізіп жүріп аз уақыттың ішінде толыққанды салафит қылып алады» деп жазады кейбір БАҚ.

Әлеуметтік желі бетінде журналист Мейіржан Әуелханұлының осыған ұқсас жазбасы таралып жатыр. Бұл жазбада «ахилардың» (салафит ағымыныда жүрген жігіттер бірін-бірі осылай атайды) шытырлатып ақша санап, ай сайын көлік мініп жүретіні айтылған.

«Салафимен дос болған інім айтады: «Түк жұмыс істемесе де айына карталарына 400-500 мың тг түсіп тұрады. Тапсырма берілген кезде ақшасы кеңірдектен өтіп кеткен соң жанұшыра орындайды. 5-6 айда гелик мініп шығады. Ол джипті келесі ахи бауырына арзанға сатады. Сейфтегі жүз мыңдаған доллар ақшаларын үнемі орын ауыстырып отырады» деп.

Құрылыста жұмыс істейтін інішек соңында «ақшаға байланған ахилар соңында ол кругтан шығам деп те шыға алмай қалатынын айтты…», – деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.

Қазір оқып жатыр

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

Алматы тарихи көркінен айырылады: Заңгер қаланы жаңғырту жұмыстарын сынға алды

Арқалықта полицейлер қай көлікті тоқтатпау керегін арнайы чаттан біліп отырған

Депутат Жаңбыршин қызына қатысты қауесетке пікір білдірді