Медведев Навальныйды қолдау акциясы күні шамдардың суретін неге жариялады?

Ресей Федерациясы Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев 14 ақпанда Instagram-дағы парақшасында даладағы шамдардың суреттерін жариялады.

Алматы, NEGE. Кейбір желі қолданушысы мұны Алексей Навальныйды қолдаудың жасырын түрі деп ұйғарды. 

Жарияланым сипаттамасында былай делінген: «Ақпан-2021: нағыз қыс, аяз және қар». Медведев бұдан басқа ештеңе жазбады.

Пікір қалдырғандардың көбі «Бұл Алексей Навальныйды қолдаудың жасырын түрі ма?» деп қызығушылық танытты. Себебі 14 ақпанда бүкіл Ресей бойынша оппозиционердің жақтастары қолына шам ұстап шыққан болатын.

Кейін Дмитрий Медведев бұл жазбасымен не айтқысы келгенін түсіндіріп берді. 

«Бұл Навальныйды қолдау емес. Қателесесіздер, бұл нағыз ресейлік қысты, климаттың өзгеруіне қарсы күресті және Гретаны қолдау үшін», –  деп әзілдеді Медведев.

 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды