Медведев коронавирусқа қарсы екпе жасатты

Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев коронавирусқа қарсы екпе жасағанын хабарлады, деп жазды ТАСС агенттігі.

Алматы, NEGE. «Мен екі ай бұрын ресейлік вакциналардың бірін алдым», – деді Дмитрий Медведев ресейлік БАҚ-қа берген сұхбатында.

Ол белгілі бір препаратты «қандай да бір вакцина басқасынан жақсы деген сезім болмас үшін» атын атамайтынын түсіндірді.

«Вакцинацияның біраз әуресі бар: қан тапсыру керек, денеңіздің қандай күйде екенін және иммундық жағдайыңызды білуіңіз керек (бұл жасқа байланысты, жынысына байланысты, өкінішке орай, ер адамдарға бұл коронавирус инфекциясы ауыр тиеді)», – деді кеңес төрағасының орынбасары.

«Біздің барлық вакциналарымыз тиімді және қабілетті, бірақ егер сіз біреуін таңдасаңыз, дәрігермен кеңесуіңіз керек. Бірақ мұны істеу керек», – деді Медведев.

Ол вакцинацияның қалай өткендігі туралы кейбір мәліметтермен бөлісті.

«Өте тыныш. Салдарсыз», –деді Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр