Медициналық зертханаларда кезек басталды

Әлеуметтік желілерде Өскемен және Семей қалаларында ПТР-тест тапсырушылардың ұзын-сонар кезекте тұрғаны туралы ақпарат тараған болатын. Бұған қатысты ШҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінен жауап берді.

Алматы, NEGE. Департаметтің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, қазіргі таңда аталған мәселе шешіліп, кезек азайған.

«Әлеуметтік желілерде Өскемен және Семей қалаларының тұрғындары зертханаларда ПТР-тест тапсыра алмағандығы туралы ақпарат тарады. 2 қараша күні таңертеңнен бастап сағат 12.00-ге дейін мұндай жағдайдың орын алғаны рас. Алайда тиісті шаралар қолданылғаннан кейін кезек бірден қысқарды», – делінген хабарламада.

3 қарашадан бастап облыстық Репродуктивті медицина орталығы мен «InVitro » зертханаларында COVID-19-ға сынама алу үшін қосымша пункттер ашылмақ.

«Жалпы өңір бойынша сынамалармен 10 зертхана жұмыс істейді. Онда тәулігіне 7 мыңнан астам зерттеу жұмыстарын жүргізуге болады. Айта кетейік, осы уақытқа дейін облыста 298 547 зерттеу жүргізілген», – деді ведомство өкілдері.

Қазір оқып жатыр

Жамбыл облысында жасөспірімдерді өз-өзіне қол жұмсауға итермелеген не жағдай?

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті ауқымды шара өтті

«Әлеуметтік желі арқылы нұсқау берілген»: Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып барған

АТ1 мен Вена биржасы. ForteBank НЕГЕ капиталын жедел көбейтуде?