Медициналық ұйымдарға 75,4 млн теңге айыппұл салынды
Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қалалықтардан DamuMed қосымшасындағы деректерді тексеруді сұрады.
Алматы, NEGE. «Қаланың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Damumed қосымшасындағы «жазбалар» және басқа да заң бұзушылықтарды тексереді. Медициналық сақтандыру қорының баспасөз қызметінің мәліметінше, іс жүзінде тұрғындарға медициналық қызмет көрсетпеген 11 мыңнан астам жағдай анықталды. Осындай заңбұзушылыққа жол берген медициналық ұйымдарға 75,4 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Қалалықтардан DamuMed қосымшасындағы деректерді тексеріп отыруларын сұраймыз», – деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
DamuMed қосымшасының айналасындағы жанжалдан кейін әлеуметтік желілерде медициналық ұйымдарға қатысты жазбалар көбейді.