Медициналық сақтандыруға қатысты жалған ақпарат көп

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекова елімізде күшіне енген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты Whats App-та тараған жалған ақпаратқа сенбеуге шақырды.

Алматы, NEGE. «Қазір Whats App мессенджері арқылы денсаулық сақтауға қатысты жаңа кодекстің қабылданғаны туралы хабар тарап жүр. Аудиофайлмен таратылған ақпаратта міндетті түрде келісімге отыру керектігі айтылады. Бұл жалған ақпарат екенін айтқымыз келеді. Аудиофайлды тыңдасаңыз, әңгіме Ресей Федерациясы және медициналық сақтандыруға қатысты федералды заңнама туралы айтылып отырғанын ұғасыз. Біздің заңнамаға оның түк қатысы жоқ», – деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Комитет басшысы мессенджерлер арқылы тараған бұл ақпаратқа сенбеуге шақырды. «Бұл хабарламаларды таратқан адамдарды жауапкершілікке тарту туралы құқық қорғау органдарына жүгінеміз», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді

Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Қазақстанда талапкерлерді іріктеу жүйесі түбегейлі өзгереді