Медициналық сақтандыру қорында қанша қаржы қалды?
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасы Болат Төкежанов қорда 251 миллиард теңге бар екенін айтты.
Алматы, NEGE. «2020 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активі 251 миллиард теңге болды. Бірінші жартыжылдықта 260 миллиард теңге түсті, мемлекеттің жарнасы - 147 миллиард теңге немесе барлық түсімнің 57 пайызы», – деді ол ОКҚ-де өткен брифингте.
Сонымен қатар, Болат Төкежанов жұмыс берушілер есебінен қорға 76 миллиард теңге, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтардан 37 миллиард теңге түскенін атап өтті.