Медициналық маска жетіспеушілігі болмайды

Қазақстанда медициналық маска жетіспеушілігі туындамайды. Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов осылай деді.

Алматы, NEGE. «Қазақстанда өндіріліп жатқан маска көлемі жеткілікті. Сонымен қатар аймақтардың бәрінде бірнеше мәрте қолдануға болатын масканы да шығарып жатыр. Қоймаларда да бар. Сол себепті бұл мәселе бойынша Қазақстанда проблемасы туындамауы керек», – деді Ералы Тоғжанов.

Оның айтуынша, елімізде бүгінгі күні 1 миллионға жуық маска шығарылады.

Дәріханаларда бір масканың бағасы – 85 теңге.

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауы тамызда өтеді

Айбек Оралбай – 3 дүркін Азия чемпионы

Санкциялық яхталар, хром және ескі қазақстандық схема: Йылдырымдар туралы оқиғаның екінші бөлімі

Үш отандасымыз бокстан Азия чемпионы атанды