Медициналық маска бағасы арзандады

Үш қабатты медициналық масканың бағасы арзандады, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

Алматы, NEGE. Айта кетейік, бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды.

Соның ішінде бір рет қолданылатын үш қабатты медициналық масканың бөлшек саудадағы шекті бағасы 118 теңгеден 85 теңгеге дейін, яғни 28%-ға арзандатылды.