Медицина қызметкерлері жетіспей жатыр

Алматыда пандемия кезінде қандай мамандар жетіспейітіні белгілі болды.

Алматы, NEGE. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Қамалжан Надыровтың айтуынша, коронавирусқа қарсы күресте алдыңғы шепте 4464 медицина қызметкері жұмыс істеп жатыр. Одан бөлек, қалада терапевт, пульмонолог, анестезиолог, реаниматолог және инфекционист дәрігерлер жетіспейді. 

«Біз 1526 қызметкерден тұратын кадр резервін құрдық. Оның ішінде, орта және кіші медицина қызметкерлері бар. Бірақ қосымша төсек-орындар дайындалып жатқандықтан тағы да мамандар жұмылдыру қажет екенін түсінеміз. Мен әріптестеріме үндеу жасаймын, біз медицина қызметкерлерін жұмысқа шақыруды жалғастырамыз. Төлем және жұмыс шарттары туралы кеңесті 7 (702) 633-01-68 номеры арқылы алуға болады», – деді Надыров. 

Қазір оқып жатыр

Олжас Бектенов орман өрттерін ерте анықтау жүйесінің дайындығын тексерді

Қазақстандық салымшы зейнетақы шотынан ақшасы жоғалып кеткенін айтып, шағымданды

Тоқаев боксшы Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті жеңісімен құттықтады

Түркістан облысында тұрғындар Қызыл кітапқа енген қызғалдақты көлікпен таптаған