Медицина қызметкері КВИ жұқтырмағанын растайтын жалған анықтамалар сатқан

Медицина қызметкері коронавирус жұқтырмағанын растайтын жалған анықтамалар сатып келген, деп хабарлады ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ПТР-тестіне теріс нәтиже көрсетілген жалған анықтамаларды беру фактісін анықтады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде COVID-19-ға ПТР зерттеудің теріс нәтижесі көрсетілген анықтаманы беру үшін 25 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы алу кезінде 1984 жылы туған медицина қызметкері ұсталды. Жауап алу барысында Алматы облысының тұрғыны маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін 12-ге жуық осындай анықтама ұсынғанын айтты. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Теннисші Зарина Диас спорттағы мансабын аяқтады

ФБР Қытай қосымшаларын қолданбауға шақырды: БАҚ-та Temu, SHEIN және басқалары аталды

Молдова билігі Нұрлан Сабуровтың концертін өткізбеуге кеңес берді

Тоқаев пен Мирзиёев бейресми кездесу өткізеді