"Медеуде" жаппай сырғанауға бірнеше күнге тыйым салынады

 2025 жылғы 17-21 ақпан аралығында "Медеу" БТСК аумағында ҚР финалдық кубогы және конькимен жүгіру спортынан ҚР командалық чемпионаты өтеді, деп хабарлады "Медеу" мұз айдыны әкімшілігі. 

Алматы қаласы әкімдігінің бапасөз қызметі

Алматы, NEGE. "Спорттық шаралардың өткізілуіне байланысты 17, 18, 20 және 21 ақпан күндері жаппай сырғанаудың 1-сеансы (10:00-12:30) және 2-сеансы (13:30-16:30) уақытша тоқтатылады. 19 ақпанда жаппай сырғанаудың 1-сеансы (10:00-12:30) тоқтатылады" – деп жазылған хабарламада. 

Жарыс бағдарламасы:

  • 17-18 ақпан – жеке жарыстар (500 м, 1000 м, 1500 м, 3000 м / 5000 м)
  • 20-21 ақпан – командалық жарыстар (командалық спринт, командалық жүгіру, гендерлік жүгіру, масс-старт)

"Медеу" мұз айдыны әкімшілігі спортсүйер қауымды спортшыларды қолдауға және олардың тамаша өнерлерін тамашалауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбе облысы аумағына дрон құлады

Қазақстан ОПЕК+ келісімінен шығуды жоспарлап отырған жоқ

Алимент төлеуден жалтарғандарға көмектесетін компаниялар тексеріске ілігеді

Мәжіліс Президент пен Құрылтай туралы заң жобаларын жұмысқа қабылдады