Медеу Арынбаев Төреғали Төреәліні неге «әнші емес» деді?

«Әнші емес» дегенім, «адам емес» деген сөз емес» – дейді өнер иесі.

Алматы, NEGE. Танымал әнші Медеу Арынбаев осыдан бірнеше жыл бұрын Төреғали Төреәліні әншілер санатына қоспайтынын айтқан. Базарlike бағдарламасында ол бұл пікірін түсіндіріп берді.

«Әнші дегеннің дәрежесі жай сөз еместігін айтқым келеді. Әнші деген - үлкен тылсым, феномен. Әнші деген – атақ. Мұны халық бере ме, өнер ұжымынан құрылған құрылтай бере ме... Уақытпен келетін нәрсе. Төреғали ол кезде бала ғой, құдай-ау. «Әнші емес» дегенім, «адам емес» деген сөз емес.

Ең жаманы - адам емес деген сөз. Ол кезде Төреғалидің тұлға болып қалыптаспағанын айтқым келген. Қалыптасты. Әнді жеткізе алады. Бірақ дүлдүл әнші, бұлбұл әнші емес дегенім ғой. Вокалист деген – дауыс иесі. Бірақ ол әнші, әнші емес, тағы сұрақ. Бұл үлкен ғылым», – деді Медеу Арынбаев.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?