«Медеу» аумағында көлік иелері автотұраққа тәулігіне 12 мың теңге төлеуге мәжбүр болған

Алматыда ақылы автотұрақ операторы «Медеу» мұз айдыны жанында сағатына 500 теңге мөлшерінде бірыңғай тариф белгілеген. Оған қоса тегін тұрақ уақытын қарастырмаған.

iapn.kz

Астана, NEGE. «Chimbulak Development» ЖШС-на қатысты монополиялық жағдайды теріс пайдалану белгісін Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті өкілдері анықтаған.

Компанияның бағаны негізсіз көтеруі салдарынан көлік иелері 12 сағаттық тұрақ үшін 6 мың теңге, ал 24 сағат үшін 12 мың теңге төлеп келген.

Департамент қабылдаған шарадлардың нәтижесінде компания 15 минуттық тегін тұрақ уақытын енгізіп, автотұрақтың тәуліктік ең жоғары құнын 4 500 теңге көлемінде белгіледі.