Мбаппе Франциядағы үздік спортшылардың көшін бастады

«ПСЖ» клубының шабуылшысы Килиан Мбаппе 2022 жылдың қорытындысы бойынша Францияның үздік спортшысы атанды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.Сhampionat.com сайтынан алынған мәліметке қарағанда, Мбаппе L’Equipe жүргізген сауалнамаға сәйкес озық шыққан.

Іріктелген ондықтың арасынан Франция құрамасының шабуылшысы К.Мбаппе 832 балл жинады.  Ал «Реал» клубының шабуылшысы Карим Бензема екінші орында (484 балл).

L’Équipe басылымының үздік спортшыға сыйлығы Франция үшін 1946 жылдан, бүкіл әлем үшін 1975 жылдан белгіленген.

Рейтинг дауыс беру қорытындысы бойынша анықталады. Әр басылым журналисі үміткерлер тізімінен бес таңдаулы спортшыны таңдайды. Бірінші орынға – алты, екіншіге – төрт, үшіншіге – үш, төртіншіге – екі, бесіншіге бір ұпайдан беріледі.

 

 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды