Мбаппе әлем рекордының иесі атанды

Футболдан Франция ұлттық құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппен әлемнің жаңа рекордының иегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматы, NEGE. Плей-офф кезеңінің Польшаға қарсы өткізген матчында дубль жасаған Мбаппе әлем чемпионаттарында 24 жасқа дейінгі футболшылар арасында сегіз гол соққан тұңғыш футболшы атанды. Қазір 23 жастағы спортшының еншісінде әлем чемпионаттарында соғылған 9 гол бар, оның бесеуін ол биылғы әлем біріншілігінде соққан. Бүгінде ол - турнирдің үздік сұрмергені. 

Франция құрамасы Польшаны 3:1 есебімен жеңгенін және ширек финалда Англия құрамасымен кездесетінін еске сала кетейік. 

Қазір оқып жатыр

«Біз мұнда отбасымызбен демаламыз»: Алматы облысында 12 мыңға жуық адам сенбілік өткізді

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды