Мәжіліске маска режимі енгізілді

Енді Мәжіліс ғимаратында жүргендер міндетті түрде маска тағып жүреді, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.

Pexels

Алматы, NEGE. Президент Іс басқармасының Медицина орталығының Бас санитариялық дәрігері Айгүл Темірғалиеваның қаулысына сәйкес 7 ақпаннан бастап коронавирустың алдын алу шаралары енгізілді. Қаулыға сәйкес ғимаратқа келетіндер маска тағуға міндетті.

Жиналыстар мен басқа да бұқаралық іс-шаралар онлайн форматқа ауыстырылады немесе бетперде режимі мен санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізіледі.

Бұған дейін Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың коронавирустан емделіп жатқанын хабарладық. Ал күні кеше Президенттің кеңесшісі Қанат Бозымбаевта да коронавирус анықталған болатын.

Қазір оқып жатыр

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?

«Балапан» арнасы «продюсер зорлады» деген жігітке қатысты мәлімдеме жасады

Талғарда екі кішкентай қыздың әкесі жас жігіттің қолынан қаза тапты