Мәжілісте баяндама жасаған шенеунік Қошановтан оңбай сөз естіді

Мәжіліс отырысында палата спикері Ерлан Қошанов сауда және интеграция министрі міндетін атқарушы Айдар Әбілдабековтің жиынға дайындықсыз келгенін қатаң сынға алды.

gov.kz

Астана, NEGE. Бүгін Мәжілісте Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы заң жобасы талқыланды. Алайда заң жобасы бойынша министрдің міндетін атқарушы ретінде баяндама жасаған Айдар Әбілдабеков депутаттардың сұрақтарына нақты жауап бере алмай, жазбаша жауап беруді сұрады. Министрлік өкілінің бұл жауабы Ерлан Қошановтың көңілінен шықпады. 

«Айдар Ахметбекұлы, министр қазір шетелде іссапарда жүр. Сіз министрдің міндетін атқарушысыз. Бұл жерде депутаттардың қойып жатқан сұрақтары осы заң жобасы аясында ғана.

Бұл сіздердің күнделікті істеп жүрген жұмыстарыңыз ғой. Оған қалай жауап бере алмайсыз? "Мен бұл мәселенің кураторы емеспін" дейсіз. Бұл жерге келген министрлік өкілі барлық сауалға жауап беруге дайын болуы қажет. Әйтпесе мұнда келудің қажеті жоқ», – деп ашуланды Мәжіліс төрағасы.

Кулуарда Әбілдабеков журналистерге бұл жайтты құзыретіне жатпайтын сұрақтар қойылғанын айтып түсіндірді. 

Қазір оқып жатыр

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?