Мәжіліс төрағасы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

Т.Таныбаев

Астана, NEGE. Іс-шараға Парламент фракциялары мен ардагерлер ұйымдарының өкілдері және Бауыржан Момышұлы монументі маңына жиналған жұртшылық қатысты. Олар ерлікпен қаза тапқан қаһармандардың рухына тағзым етіп, бір минут үнсіздікпен еске алды.

Т.Таныбаев

Бауыржан Момышұлы – қазақтың көрнекті жазушысы, Кеңес Одағының Батыры. Ұлы Отан соғысы кезінде генерал-майор Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқан. Кейін полкке, дивизияға қолбасшылық етті. Мәскеу түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін 1942 жылы Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды. Бұл награда оған қайтыс болғаннан кейін 1990 жылы берілді.

Астанадағы батырға арналған ескерткіш 2008 жылы ашылды. Бұл – Бауыржан Момышұлының туған өңірі Жамбыл облысының елордаға жасаған тартуы.

Қазір оқып жатыр

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті

Теңіздегі тексеріс: 27 шетел азаматы елден шығарылды