Мәжіліс Нахчыван келісіміне енгізілетін түзетулерді ратификациялады

Мәжіліс Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесін құру туралы Нахчыван келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады.

Ақорда

Алматы, NEGE. Құжатқа Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері 2022 жылғы 11 қарашада Самарқанд қаласында қол қойды.

Хаттаманың мақсаты – консультативтік бірлестік ретіндегі Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастығы кеңесін Түркі мемлекеттерінің толыққанды ұйымына айналдыру. Осылайша құжат арқылы түркі мемлекеттері қол жеткізген ынтымақтастық пен интеграцияның жоғары деңгейі біріктіріледі.

Сондай-ақ хаттама арқылы ұйымның бірқатар құрылымдық институты мен онымен байланысты бірлестіктердің – Түркі мемлекеттерінің Парламенттік Ассамблеясының және Түркі мәдениетінің халықаралық ұйымының өкілеттіктеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілерге түзетулер енгізіледі. 

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды