Мәжіліс қаңғыған жануарларды эвтаназиялау туралы заңды мақұлдады

Мәжіліс 8 сәуірде «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады.

freepik.com

Астана, NEGE. Жаңа нормаларда жануарлар санын реттеу үшін эвтаназия рәсімін енгізу және ұсталған жануарларды табиғи ортасына қайта жіберуге тыйым салу қарастырылған.

Сондай-ақ, иесіз жануарларды мемлекеттік бюджет есебінен вакцинациялау нормасы алып тасталады. Заң шығарушылардың пікірінше, бұл мемлекеттік қаржыны «басымдық берілген міндеттерге» бағыттау арқылы «тиімді және рационалды» пайдалануға мүмкіндік береді.

Жануарлар санын реттеу шараларымен қатар, жаңа түзетулер иттердің иелеріне қойылатын талаптарды күшейтеді. Енді үй жануарларын чиптеу міндетті болады, сондай-ақ жануарларды тек тіркеуі болған жағдайда ғана көбейтуге рұқсат етіледі. Заңның терминологиялық аппаратына «ұстау қызметтері» және агрессия жағдайларына «шұғыл әрекет ету шаралары» деген ұғымдар енгізілді. Ашықтықты қамтамасыз ету үшін қоғам өкілдеріне жануарлардың панажайлары мен уақытша ұстау пункттеріне баруға мүмкіндік беріледі.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады