Мәжіліс электронды сауданы реттеу мәселелеріне қатысты заң жобасын қарайды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен Бюро отырысы өтіп, алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Депутаттар алдағы жалпы отырыста 2017 жылғы 11 сәуірдегі Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексі туралы шартқа өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын қарайтын болады.

Хаттамада кедендік реттеу саласындағы жаңа қызмет түрін – электрондық сауда тауарларын кедендік декларациялау және сақтау процесін қамтамасыз ете отырып, интернет алаңдарымен және кеден органдарымен өзара іс-әрекетті жүзеге асыратын электрондық сауда операторын құру көзделуде.

Жалпы отырыста Мәжілістің комитеттері нотариаттық қызмет мәселелері туралы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде радиоактивті материалдарды трансшекаралық тасымалдау туралы келісімді ратификациялау туралы жаңа заң жобасын жұмысқа алады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Шымкентте TikTok арқылы жүргізуші куәлігін саудалаған ер адам қамауға алынды

Air Astana басшылығына төленетін төлемдер шамамен 6 млрд теңгеге дейін ұлғайған

Зейнетақының 20 пайызын ұстап қалатыны рас па?