Мәжіліс депутаттығына үміткер болған экс-кандидатқа шабуыл жасалды

28 желтоқсанда Жаңаөзенде «Өзенмұнайгаз» компаниясының қызметкері, белсенді, Мәжіліс депутаттығына бұрын үміткер болған Мұратбай Жұмағалиев соққыға жығылды. Бұл туралы Lada басылымы хабарлады.  

orda.kz

Астана, NEGE. Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға түнде жеке үйлердің бірінде болған. Сол жерде Жұмағалиев пен оның жиені ішімдік ішкен, кейін екеуінің арасында жанжал туып, арты төбелеске ұласқан. Нәтижесінде Жұмағалиев дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Қылмыстық іс қозғалған.

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқаста жабық бас-ми жарақаты, ми шайқалуы, сондай-ақ беті мен маңдайында бірнеше сызат бар. Алғашында ол жансақтау бөлімінде ем қабылдады, кейін травматология және нейрохирургия бөлімдеріне ауыстырылды. Қазіргі уақытта өміріне қауіп жоқ.

Айта кетейік, Мұратбай Жұмағалиев Жаңаөзенде мұнайшылардың наразылық акцияларын бірнеше рет ұйымдастырған. Сондай-ақ 2023 жылы Мәжіліс сайлауына кандидат ретінде қатысып, Еділ Жаңбыршынмен бәсекеге түскен.

Қазір оқып жатыр

Сенат бұралқы иттерді өлтіруге қатысты заң жобасын Мәжіліске қайтарды

«АЛМЭКС» холдингінің құрылымы өзгерді, бірақ Құлыбаевтар позициясын сақтап қалды

Маңғыстауда алғаш рет шала туған нәрестелердің көзіне күрделі ота жасала бастады

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?