Мәжіліс Азия Даму Банкімен арадағы қарыз туралы келісімді ратификациялады

Мәжіліс Қазақстан мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Фискалдық басқару және қаржы секторы реформаларының бағдарламасы – 1-кіші бағдарлама) ратификациялады.

ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Құжат 2024 жылы 23 тамызда Астана қаласында жасалған. Үкімет ел экономикасының орнықтылығын қолдау үшін жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет тапшылығының бекітілген мөлшері шеңберінде қарыз алуды жоспарлап отыр.

Азия Даму Банкінің қарызы Қазақстанға 2027 жылғы 1 маусымға дейінгі жеңілдікті кезеңді қоса алғанда, 52,3 млрд йен сомасында 15 жыл өтеу мерзімімен беріледі. 

Тартылатын қарызға қызмет көрсетуді және оны өтеуді республикалық бюджетте көзделетін қаражат есебінен Қаржы министрлігі жүзеге асыратын болады.

Қазір оқып жатыр

«Ақтөбе – тарының астанасы» гастрофестивалі қонақтарды ұлттық дәстүрлердің бай мұрасымен таныстырды

Іссапар чектері тапсырылмаса, жалақыны толық ұстап қалуға бола ма?

Алматы облысында «Достық үйінің» іргетасы қаланды

Энергетика министрлігі Теңіз кен орында ақау шыққанын растады