Мәжіліс Астананың мәртебесі туралы заң жобасын қарауға алды
ҚР Парламенті «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Конституциялық заң жобасын жұмысқа қабылдады.
Астана, NEGE. Елорданың мәртебесі туралы заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Мәжіліс депутаттары Нұртай Сабильянов, Мархабат Жайымбетов, Болатбек Нажметдинұлы және Нұрсұлтан Байтілесов кірді.
Сондай-ақ Мәжіліс «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Конституциялық заң жобасын да қарауға алды.
Бұл заң жобасы бойынша Парламент палаталарының бірлескен комиссиясының құрамына Мәжіліс депутаттары Мұқаш Ескендіров, Данабек Исабек, Руслан Қожасбаев және Еркебұлан Мәмбетов кірді.