Мәжілістің бұрынғы депутаты 57 жасында қайтыс болды

Парламент мәжілісінің экс-депутаты Тарас Хитуов 58 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Алматы, NEGE. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бүкіл депутаттық корпус атынан марқұмның отбасына, жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты.
Мәжілістің баспасөз қызметінің ақпаратынша, Тарас Хитуов ұзаққа созылған аурудан қайтыс болған.

«Тарас Киікбайұлы адал еңбегімен және зор жауапкершілігімен еліміздің заңнамалық базасын жетілдіруге өлшеусіз үлес қосты. Отанының нағыз патриоты ретінде оның жарқын бейнесі халқымыздың және барша жақындарының есінде сақталатыны сөзсіз», –  деді спикер.

Қазір оқып жатыр

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты