Мәжіліске заң қабылдау құқығы беріледі

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мәжіліске заң қабылдау құқығы беріледі. Бұл жайында Әділет министрі Қанат Мусин мәлім етті.

Алматы, NEGE. «Сенат Парламенттің екінші палатасы саналады. Сенат өзінің ұсыныстарымен заңды Мәжіліске енгізеді. Мәжілісмендер онымен келіссе қабылдайды. Келіспесе де заң қабылданды деп есептелініп, Президентке қол қоюға жіберіледі. Жалпы Сенат жұмысы өзгерген жоқ, заң қабылдау жұмысына қатысады. Содан кейін Сенат пен Мәжілістің бірлескен отырыстарында Конституциялық заңдар қабылданады. Үкімет әзірлеген жедел заңдарды палаталардың отырысында қарайды. Сенатсыз Парламент жұмыс істемейді», - деді министр.