Мәжіліс және Сенат Төрағалары коронавирустан қайтыс болғандарды еске алды

Парламенттің Мәжіліс және Сенат Төрағалары Нұрлан Нығматулин мен Мәулен Әшімбаев коронавирустан қайтыс болған қазақстандықтарды еске алды.

Алматы, NEGE. Бүгін Мәжіліс пен Сенат ғимараттарындағы Мемлекеттік Ту төмен түсірілді.

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған Жалпыұлттық аза тұту күнінде Парламентте коронавирус індетінен құрбан болған азаматтарға арналған еске алу рәсім өтті.

Парламенттің Мәжіліс және Сенат төрағалары Нұрлан Нығматулин мен Мәулен Әшімбаев барлық депутаттық корпус атынан коронавирус індетінен қайтыс болған қазақстандықтарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары коронавирус індеті салдарынан туыстары мен жақындарынан айырылған қазақстандықтардың қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтады.

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған