Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин коронавирус жұқтырды

Қазір Мәжіліс төрағасы қашықтықтан жұмыс істеуде.

Алматы, NEGE. Мәжіліс спикері қатаң карантиндік шараларды сақтаған, соңғы айда қашықтықтан жұмыс істеген, пленарлық отырысты санамағанда ешкіммен тікелей жақын қатынаста болмаған. Нұрлан Нығматулин әрбір пленарлық отырыс алдында коронавирусқа тест тапсырып келген.

9 және 11 маусымда Денсаулық сақтау министрін қабылдаған болатын.

Елжан Біртановтан коронавирус анықталғаннан кейін Мәжіліс спикері 16 маусымда кезекті рет тест тапсырды. Өкінішке қарай, бұл жолғы тест оң нәтиже көрсетті. Алайда ауру белгілері байқалмайды.

Бекітілген тәртіпке сәйкес, Нұрлан Нығматулин оқшаулануға кету туралы шешім қабылдады.

Қазір Мәжіліс төрағасы қашықтықтан жұмыс істеуде.

17 маусымға жоспарланған Мәжілістің пленарлық отырысын оның орынбасары өткізеді.

Қазір оқып жатыр

Иран тағы бір елге Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат берді

Атырау облысында бір топ жігіт полиция қызметкерлеріне шабуыл жасаған

Түркістанда бірнеше күн бұрын суға батып кеткен 2 жасар қыздың денесі табылды

«Өрттен 18 адам қаза тапты»: Абай облысында жалған ақпарат таратқан тұрғын жауапқа тартылды