Мәжіліс «рақымшылық жасау туралы» заң жобасын талқылайды

Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» заң жобасын талқылауды бастайды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында мәлім болды.

«Бұл заң жобасы Мемлекет басшысының 2020 жылғы 29 қазандағы тапсырмасын орындау мақсатында әзірленді. Заң жобасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына орай ізгілік қағидаты негізінде қалмыстық атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жазадан әрі қылмыстық жауаптылықтан босатуға, жазаның өтелмеген бөлігін қысқартуға бағытталған», – деді Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Арман Қожахметов.

Оның айтуынша, қоғам және мемлекеттің қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірмейтін қылмыстар жасағаны үшін сотталған адамдарды, оның ішінде әлеуметтік осал санатындағы ел азаматтарын жазадан босатуға мүмкіндік береді.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді