Мәжіліс отырысы бір минут үнсіздікпен басталды

Мәжіліс отырысы қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін бір минут үнсіздікпен басталды.

Алматы, NEGE. "Осыдан тура 1 жыл бұрын қайғылы қаңтар оқиғасы кезінде жазықсыз адамдар қаза тапты. Бүгінгі жалпы отырысты қаңтар құрбандарын еске алып, 1 минут үнсіздікпен бастауды ұсынамын", - деді жалпы отырыс алдында Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.