Мәжіліс депутаттығына кандидат сайлауда 5%-дан аз дауыс жинаса, жарна қайтарылмайды

Орталық сайлау комиссиясы кандидаттың сайлауда төлеген жарнасы қандай жағдайда қайтарылып берілетінін түсіндірді.

Алматы, NEGE.  ОСК мүшесі Сәбила Мұстафинаның айтуынша, кандидатқа немесе партияға сайлау жарнасын қайтару жағдайлары «ҚР Сайлау туралы» заңда жазылған.

«Сайлау жарналары үш жағдайда қайтарылады. Біріншісі, егер кандидат депутат болып сайланса. Екіншісі, кандидат немесе саяси партия дауыс беруге қатысқан сайлаушылар санының кемінде 5 пайыз дауысын жинаған жағдайда. Үшіншіден, кандидат немесе саяси партияның партиялық тізіміне енгізілген жалғыз кандидат қайтыс болған жағдайда жарна қайтарылады. Өкінішке қарай, мұндай жағдайлар да болады», - деп түсіндірді Сәбила Мұстафина брифингте.

Ал қалған барлық жағдайда сайлау жарнасы республикалық бюджетке түседі.

Қазір оқып жатыр

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды