Мәжіліс депутатының ықпалымен 15 млн теңгеге сатылып кеткен мектеп мемлекетке қайтарылды

Мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай біраз уақыттан бері Алматы облысындағы Ломоносов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп мәселесімен айналысып келеді.

Алматы, NEGE. Жуық арада Мәжілісте өткен Үкімет сағатында да депутат аталған білім ордасын тез арада мемлекетке қайтару керек екенін айтып, мәселені тағы көтерді.

«Бұл сұмдық нәрсе ғой. Бір үлкен мектепті 15 млн теңгеге сатып жіберу деген. Бұл қай әкім тұсында қалай сатылғанын анықтау оңай емес, бәрін біліп отырмыз. Тез арада қайтарыңыздар», – деген болатын.

Бүгін белгілі болғандай, Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қарасай ауданына қарасты Шалқар ауылындағы 15 млн теңгеге жекеменшікке сатылған мектеп осы жылдың 8 маусымында мемлекет меншігіне қайтарылғанын айтты.  

«Мектеп тапшылығы бар. Бізде үш ауысымды 51 мектеп бар. Нақты осы мектеп туралы айтсақ, біраз соттастық. 8 маусымда алған адам өз еркімен мектепті үкіметке қайтарып берді», – деді облыс басшысы.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады