Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаевтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды
4 қаңтарда Елнұр Бейсенбаев AMANAT партиясының жауапты хатшысы болып тағайындалған.
Алматы, NEGE. Елнұр Бейсенбаевтың мәжіліс депутаты ретіндегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды.
Мәжіліс отырысында Палата спикері Ерлан Қошанов бұрынғы әріптесіне еңбегі үшін алғыс айтып, жаңа қызметінде сәттілік тіледі.