Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев Ресейдің басқыншылығы мен Путинді қолдайтынын айтты

Мәжіліс депутаты Азамат Әбілдаев Азаттыққа берген сұхбаты кезінде Ресей-Украина соғысында Мәскеуді қолдайтынын айтты.

Алматы, NEGE. Оның сөзі НАТО мен Украинаны айыптай сөйлейтін ресейшіл пропагандамен үндес шықты.

“Мен Ресей президентін қолдаймын… Осы жазға дейін Зеленскийдің өз залқы ұстап, сотқа береді деп ойлаймын. Мен Украинадағы арнайы операцияны қолдаймын”, - деді ол.

Депутат А.Әбілдаевтың Украинадағы соғыс туралы сөздеріне қатысты  “Ақ жол” партиясы президиумы хабарлама жасады. Депутат А. Әбілдаевтың мәселесі ертең партияның Ұлттық Кеңесінде қаралмақ. 

"А.Әбілдаевтың сөздері “Ақ жол” партиясының позициясына қарама-қайшы ғана емес, сонымен қатар партиялық және де депутаттық этиканы да  бұзып тұр.

"Ақ жол” партиясы қашан да Республикамыздың және басқа да дос мемлекеттердің тәуелсіздігі мен жер тұтастығын құрметтейді және қолдайды.

Қазір оқып жатыр

Екі адамның жұмысын істейді: алаяқтар тегін хабарландыру сайттарында қалай әрекет етеді

Халықтың рубльге деген сұранысы күрт өсті

Қызылшаға қарсы екпе алғандар да ауырып жатыр: елде 6 мыңға жуық жағдай тіркелді

Желтоқсан қатысушыларын балағаттаған алматылық әйелге қатысты іс қозғалды