Мәжбүрлі вакцинация жоқ: Қостанай әкімі наразылыққа шыққандармен кездесті

Қостанайдың Жеңіс саябағында ондаған адам наразылық акциясына жиналды.

Алматы, NEGE. Олар мәжбүрлі вакцинацияны алып тастауды, кәсіпкерлерді айыппұлдармен жазалауға тыйым салуды, сондай-ақ, вакцина алмаған адамдарға ПТР-тестілеуді тегін жасауды талап етті.

"Үкімет қаулысы заңсыз, өйткені ол менің конституциялық құқықтарымды бұзады. Мен ауылдан келдім. Акция туралы естіп, осында келдім. Мен сіздер арқылы Президентке, менің құқықтарымның кепіліне үндеу жасаймын. Үкіметпен айналысу керек. Оны отставкаға жіберу керек. АҚШ Ауғанстаннан әскерін шығарып жатыр, адамдарды неге өздеріңе қарсы қоясыңдар? Мен екпе салдырғанша елді қарумен қорғаймын", - деді Сұлтан Әбдіғалиев.

"Біз орталық базардан келдік, 15 шілдеден бастап жұмысқа кіргізбейміз дейді. Пандемия басталғанда біз несие алдық. Өз орнымызды күзеттік. Енді вакцина салдырмасақ, бізді орнымыздан айырғалы тұр. Маған екпе салдыруға болмайды, қан қысымым жоғары, вакцина алғым келмейді", - дейді Галина есімді жергілікті тұрғын.

Митингіге келген Қостанай әкімі Қайрат Ахметов айыппұл мәселесін шешуге уәде берді, ал қабылданған шараларды коронавирус жұқтырғандар санының 40 пайызға артуымен түсіндірді.

Қазір оқып жатыр

«Балапанға» түскен жігіт продюсерден зорлық көргенін айтты

Анталияда таксимен соқтығысқан қазақстандық көз жұмды

Төлеутай Рақымбеков «Ауыл» партиясынан шықты

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады