Мажарстанның премьер-министрі Димаш Құдайберген туралы пост жазды

Қасым-Жомарт Тоқаев Мажарстан Премьер-министрінің салтанатты қабылдауына қатысты. 

Ақорда

Алматы, NEGE. Мажарстан Премьер-министрінің кеңсесі орналасқан ғимаратта мемлекеттік сапармен келген Қазақстан Президентінің құрметіне салтанатты қабылдау ұйымдастырған болатын. Салтанатты қабылдауға Димаш Құдайберген де қатысты. 

Мажарстанның Премьер-Министрі Виктор Орбан Instagram парақшасында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергенмен бірге түскен фотосуретін жариялап, жазба қалдырды.

«Қазақстандық әлем жұлдызы Будапештте», - деп жазды Виктор Орбан.

Қазір оқып жатыр

Шағын және орта бизнесті қолдау көлемі 3 трлн теңгеге дейін ұлғаяды

Алматы тарихи көркінен айырылады: Заңгер қаланы жаңғырту жұмыстарын сынға алды

Арқалықта полицейлер қай көлікті тоқтатпау керегін арнайы чаттан біліп отырған

Депутат Жаңбыршин қызына қатысты қауесетке пікір білдірді