Майқайыңдағы іздеу жұмыстары құтқарушылардың өміріне қауіп төндіріп тұр

«Майқайыңалтын» АҚ аумағындағы опырылған жердің түбінде габаритті емес тас толығымен бөлшектелді. Оның ұзындығы 8 метрді, ені 7 метрді, қалыңдығы шамамен 2 метр болды, деп хабарлайды ТЖМ. 

ТЖМ

Алматы, NEGE. Экскаваторлар топырақ пен тау жыныстарын қайта экскавациялауды жалғастыруда. Опырылған жердің түпкі жағында басқа да үлкен тастар бар. Сонымен қатар, оларды экскаватор гидравликалық балғаның көмегімен бөлшектейтін болады.

29 қаңтарда опырылған жердің түбінен қосалқы дөңгелек пен автобустың басқа бөліктері табылды. Жұмыс жалғасуда.

Опырылған жердің түпкі жағында операцияны жүргізуге солтүстік беткейде бір экскаватор, гидравликалық балға саптамасы бар бір экскаватор, тролльдерді созуға екі бульдозер, экскаваторларды сақтандыруға екі бульдозер, Павлодар облысы ТЖД жедел-құтқару жасағының 15 құтқарушысы, КӘАҚҚ РОШ 15 құтқарушысы, 2 тау-кен инженері жұмылдырылды.

Топырақ пен тау жыныстарының үнемі сырғуына байланысты опырылған жердің түбіндегі жұмыстарға көп техникалар мен мамандарды тарту мүмкін емес. Құтқарушылардың өміріне үлкен қауіп төніп тұр. Сондықтан бір немесе екі шағын экскаватор және техниканың бағытын үйлестіру үшін бірнеше маман түбіне түседі, қалғандары жиегінен қызметкерлерді сақтандыру кабельдерінің көмегімен шығарып алады. 

Іздестіру-құтқару жұмыстарына барлығы 138 адам, 40 бірлік техника, 3 кинологиялық есептоп және 2 дрон жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді