Майқайың апаты: Прокурор айыпталушыларды 4 жылға соттауды сұрады

Майқайың апатына кінәлі деп танылғандарды прокурор 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұл туралы irbistv.kz басылымы хабарлады.

gov.kz

Астана, NEGE. Екібастұз қалалық сотында 6 адамның, оның ішінде кәсіпорынның бұрынғы бас директорына да қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. 

Прокурор айыпталушылардың барлығының кінәсі дәлелденгенін айтып, оларды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. 

Айта кетейік, 2024 жылдың қаңтар айында «Майқайыңалтын» аумағында жерасты кеніші опырылып, 4 адам мінген автобус шұңқырға құлап кеткен.

Біраз уақыт өткен соң, екі адамның мәйіті табылды. Іздеу жұмыстары жарты жылға созылып, соңғы екі адамның денесі 6 айдан кейін табылды. 

Қазір оқып жатыр

2024 жылғымен бірдей шықты. Ағайынды Тастекейлер былтыр НЕГЕ көтеріле алмады?

Денсаулық сақтау саласының үздігі Бақыт Түменова дүние салды

«Қайрат» бас бапкерімен қоштаса ма?

Аймағамбетов дәрігерлерді даярлауды 7 жылға дейін ұзартуды ұсынды