Маусым айында қай өңірлерде құрғақшылық болады – синоптиктердің болжамы
«Қазгидромет» РМК 2022 жылдың маусым айына құрғақшылық болжамын ұсынды. Алдын ала мәлімет бойынша, жаздың бірінші айында Қазақстанның басым бөлігінде құрғақшылық болу ықтималдығы төмен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы, NEGE. .«Қазгидромет» РМК-нің болжамына сәйкес, маусым айында республиканың басым бөлігінде құрғақшылықтың туындау ықтималдығы төмен, негізінен ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады.
Синоптиктердің болжамы бойынша, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында бірқалыпты құрғақшылық болуы ықтимал.
Қатты құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында күтіліп отыр.
«Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында және Түркістан облысының Сайрам ауданында қолайлы орташа ылғалды жағдай болады», - дейді «Қазгидромет» РМК.
Мамандар құрғақшылықтың қарқындылығы мен әсері Қазақстанның әр аймағында әр түрлі көрінетінін атап өтті.
Қызылорда және Маңғыстау облыстары құрғақшылыққа ұшыраған өте құрғақ, ыстық аймақ ретінде сипатталады.